Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылына 50 миллиард теңгеден аса табыс түспек": Қазақстанда ақылы тонировканы заңдастыру ұсынылды

Фото: platinum-garage.ru

"Республика" партиясының депутаты Олжас Құспеков премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдап, алдыңғы бүйір әйнектерді кемінде 70% жарық өткізетін ақылы тонировканы заңдастыруды ұсынды. Бұл шарадан бюджетке жыл сайын 50 миллиард теңгеден астам түсім түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Олжас Құспеков 2024 жылдан бастап мәжіліс алаңында да, қоғамдық талқылаулар аясында да автомобильдердің алдыңғы бүйір әйнектерін ақылы бояуды заңдастыру мәселесін көтерген.
    
"Бұл шара өзекті қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру тетігі ретінде ғана емес, сонымен қатар бюджетке тұрақты салықтық емес түсімдердің тиімді көзі ретінде қарастырылады. Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерінше, 2025 жылғы 1 мамырға елімізде 6 миллион 176 мың көлік тіркелген, оның 86,5%-ы жеңіл көлік құралдары. Автопарктің 5%-ы қамтылған және рұқсаттың орташа құны 50 айлық есептік көрсеткіш (196 600 теңге) болса да, бюджетке түсетін ықтимал түсімдердің көлемі жылына 50 миллиард теңгеден асуы мүмкін. Бұл қаражат инфрақұрылымды қалпына келтіруге және дамытуға автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға мақсатты түрде пайдаланылуы мүмкін", – деді Олжас Құспеков.

Депутатың сөзінше, Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, кем дегенде 70% жарық өткізген жағдайда алдыңғы бүйір әйнектерде тонировканы қолдануға рұқсат етіледі. Бұл талаптар тонировканы заңдастырудың ұлттық тәсілінің негізін қалауы керек.

"Ақылы мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың табысты тәжірибесі бар. Мәселен, 2024 жылы бюджет VIP-мемлекеттік нөмірлерді сатудан 15,8 миллиард теңге алды, бұл осындай шешімдердің тиімділігін растайды. Халықаралық тәжірибе заңдастырылған ақылы тонировканың тиімділігін растайды. Мәселен, Қырғыз Республикасында тонировкаға рұқсат беруден 2024 жылы бюджетке шамамен 4 миллиард теңге түсті. Өзбекстанда жарық өткізуге рұқсат 70%-дан бастап беріледі. БАӘ мен Оңтүстік Кореяда техникалық талаптар мен баж салығын төлеу кезінде алдыңғы әйнектерді 50% және 40%-ға дейін бояуға рұқсат етіледі", – деді депутат.

Сонымен қатар үкіметке уәкілетті органдарға рұқсаттарды ресімдеп, бюджетке тиісті алымдар түсіру үшін, кем дегенде 70% жарық өткізген жағдайда автомобильдердің алдыңғы бүйір шыныларын ақылы бояуды заңдастыру тетігін әзірлеу керек екенін ұсынды.

"Екіншіден, осы қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен атаулылығын қамтамасыз ете отырып, ақылы тонировкадан түсетін түсімдерден инфрақұрылымды дамытудың арнайы нысаналы қорын құру. Үшіншіден, техникалық байқау рәсімдері және өзге де реттеуші тетіктер арқылы жарық өткізудің белгіленген параметрлерінің сақталуын тиімді бақылауды қамтамасыз ету. Төртіншіден, қосымша ұсыныс ретінде – көлік құралының санатына байланысты рұқсат беруге сараланған тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастыру: экономика, бизнес және премиум", – деді депутат.


Қазақстанға электромобильді салық төлемей қалай әкелуге болады: Құжаттар тізімі мен қойылатын талаптар


Алматылық жүргізуші eOtinish арқылы ереже бұзған көлік иесін жауапқа тартты


Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі түсіндіргендей көліктің алдыңғы және алдыңғы бүйір терезелерін қараңғылауға (тонировка) тек көлік өндірісі кезінде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда шынының жарық өткізгіштігі кемінде 70% болуға тиіс және арнайы сертификат беріледі.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 15:37
Талқылау