Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат етілген бе – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көліктерді тонировкалауға рұқсат етілген бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaztag-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес көліктер техникалық регламент талаптарына сай болуы керек.
“Кеден одағының Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша алдыңғы жақ көріну керек", – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерге екі мәселе туралы айтты:
- Жүргізушінің алдыңғы көрінісіне кедергі келтіретін қосымша заттар немесе жабындардың тұруына жол берілмейді. Яғни пленка, перделер және жапсырмалар жабыстыруға болмайды. Бұл талап тек алдыңғы және алдыңғы бүйірлік терезелерге қатысты;
- Әйнекті дайындау кезінде ғана тонировкалауға рұқсат етіледі. Шыны шығарған компания оның жарық өткізгіштігін тексереді, ол кемінде 70% болуы керек және шыныға сертификат береді.
"Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік терезелерді қараңғылау тек көлікті өндіру кезінде ғана жүзеге асады. Бұл қауіпсіздікті және жүргізушілердің жолды жақсы көрінуін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп түсіндірді ІІМ.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда