Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылына 250 мың теңге: Қостанай облысында сотталғандарға электронды білезік тағып, үйлеріне қайтаруда

Қостанай облысында сотталғандарға электронды білезік тағып, үйлеріне қайтаруда. Жылына 250 мыңға жалға алған құрылғыны сындыру, алып тастау немесе басқа біреуге тағып қою мүмкін емес. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

браслет

"Білезікке зақымдану сенсорлары, жою сенсорлары орнатылған. Егер сотталушы жазасын өтеу тәртібін бұзса, ұялы телефонымыз бен планшетімізге немесе платформаға ақпарат жіберіледі. Сотталушы түзелмеген жағдайда, пробация қызметі заңға сәйкес шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы шешім қабылдау үшін сотқа ұсыныс жібереді", - деп мәлімдеді пробация қызметінің аға инспекторы Кәрім Серікбаев.



Білезіктерді пайдалану, пробация қызметінің пікірінше, шартты түрде сотталғандар арасында қайта қылмыс жасауды азайтуға және бас бостандығын шектеуге көмектеседі. Адамдар жазасын үйде өтейтін болады, бірақ тәулік бойы бақылауда болады. Электронды білезіктер аяққа салынады. Кез келген режимді бұзу немесе құрылғыны жою әрекеті бақылау жүйесінде көрсетіліп тұрады.

Жалпы облысқа осындай бір жарым мыңнан астам сенсор қажет. Қоймада оның үштен бірі ғана бар. Қазір құрылғылардың тиімділігі тексерілуде. Олардың әрқайсысының жалдау ақысы жылына 250 мың теңге тұрады.

Ақберен Амангелді
Жексенбі, 24 Сәуір, 2022 10:54
Талқылау