Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жылына 100 миллиард теңге: Қазақстандағы ақылы жолдардан түсетін ақша қайда жұмсалады

Фото: pixabay.com

"Қазавтожол" басқарма төрағасы Дархан Иманашев 2024 жылы Қазақстанда ақылы автомобиль учаскелерінен 48 миллиард теңге жиналғанын жеткізді. Биыл бұл соманы 100 миллиард теңгеге дейін арттыруды жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жинауға жоспарланған 100 миллиард теңгенің:

– шамамен 60 миллиард теңгесіне трассаларды тазарту, шұңқырларды жөндеу, жарықтандыруға қызмет көрсету және жол белгілерін ауыстыру жұмыстары кіреді;

– кірістердің шамамен 30 пайызына (шамамен 30 миллиард теңгесіне) капиталдандыруға, бірінші кезекте - мамандандырылған жол техникасын сатып алуға жұмсалады.

"Осы бағдарлама шеңберінде техниканы немесе күрделі салымдарды сатып алу үшін мемлекеттік бюджетте көзделмеген басқа қаржыландыру көздері тек ақылы кірістерден ғана жабылады", - деп толықтырды Дархан Иманашев.



"Қазавтожол" өкілі ақылы жолдар желісінің кеңеюімен шығындар да артып келе жатқанын атап өтті. Кірістердің өсуі пайданың өсуімен байланысты емес.  

Сондай-ақ, барлық ақылы жолдар пайда әкелмейтіні көрсетілген. Елде кірісті де, шығын әкелетін де учаскелер бар. Мысалы, Солтүстік учаскелердің бірі жыл сайын шамамен бір миллиард теңге шығын келтіреді. Жүйеде мұндай шығыны көп трассалар төртке жуық. Атап айтқанда Астана-Щучинск автожолы. Бірақ кіріс учаскелері олардың минусын өтеуге және бүкіл ақылы жүйенің жалпы қаржылық балансын сақтауға мүмкіндік береді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 18:08
Талқылау