"Жыламай тыңдау мүмкін емес": Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға арналған бейнебаян шықты
Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға арналған бейнебаян жарыққа шықты. "Анаға хат" әнін жас әнші Арайлым Маханбетжанова орындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ажар ең алғаш осы әнді клипімен көрсеткенде, неліктен соншалықты криминалға айналдырып жібергенін сұрап едім. Онда да жігіті тексерісте анашасын қыздың сөмкесіне салып үлгереді де, түрмеде отырып анасын сағынады.
Мен бұл әнді бірінен соң бірін босанып, төркініме, яғни анашыма үш-төрт жыл бара алмай, сағынған сәтте туылған ән еді. Студент те, алыста тұрмыстағы қыз да, жұмыспен шетте жүрген жан да ең бірінші анасын сағынады. Өмірдегі шынайылықтармен байланыстырса ғана жүректен шыққан ән жүрекке жетеді ғой", – дейді Жәудір Артықбаева.
Ал желі қолданушылары әннің жүрекке жеткенін айтып, әншіге алғыс білдірді.
"Жыламай тыңдау мүмкін емес. Анасының бауырына, құшағына тезірек келсінші. Алла сабыр берсін. Сырт елде не көріп жатқаны белгісіз", "Ақжарқын Тұрлыбайға бостандық. Аллаһ Тағала тезірек елге оралуына, анасымен қауышуына жол салсын", "Өте әсерлі орындау, рахмет. Соңында жүрегім толқын кетті", – деп пікір білдірді тыңдармандар.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады