Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін концертіне билеттер қанша тұрады?

Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін бермек. 23 қыркүйекте өтетін шоудың билеттері сатылымға шықты. Әншінің айтуынша, сатылым басталған соң, 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен Dеars фанаттар тобы билеттер сатып алған. Ал әлемге әйгілі қазақ баласының Алматыдағы концертіне билеттер қанша тұрады? Stan.kz ақпарат агенттігі анықтады.

Ән кеші Алматы орталық стадионында өтеді. Сахна алдында ең адал фанаттар отыратын фанзона мен супер фанзона орналасқан. Димашты жақыннан көргісі келетін фанаттар үшін супер фанзона билетінің құны  – 40 мың теңге. Одан кейінгі бірінші және екінші фан зона қонақтары билетті 20-30 мың теңгеден сатып алуға дайын болсын. 

Ал Димаштың әнін тыңдасам болды дейтін өзге фанаттар үшін стадиондағы орындар құны 8 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін барады. 



"Билеттер сатылымының басталғаны хабарлаған соң, 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен Dеars билеттерін сатып алды. Бүгін билеттер сатылымының 2-ші күні басталды.Одан да көп қонақ болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рахмет! Барлықтарыңызды жақсы көремін! 23 қыркүйекте Алматыда!" – деп бөлісті әнші.

Талқылау