Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл соңына дейін 170 ауыл мектебіне "Starlink" жүйесі орнатылады – ШҚО

Жыл соңына дейін облыстың 170 ауыл мектебіне "Starlink" жүйесі орнатылатын болады. Әзірге бұл жүйе Үлкен Нарын ауданындағы Сенное, Күршім ауданындағы Маралды және Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдарының мектептеріне қосылған.

Облыстық білім басқармасы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамымен бірге барлық аудандардағы шалғай ауылдардың мектептерін "Starlink" спутниктік Интернетіне қосу жөніндегі қанатқақты жобаны бастап отыр.

“Starlink-тің басты артықшылығы – Интернетке қосылу жылдамдығы. Әдетте бұл желідегі жылдамдық секундына 150 мегабитке дейін жетеді. Сонымен қатар Starlink сымды интернет жоқ жерлерде, яғни шалғай ауылдарда және таулы өлкелерде тиімді”, – дейді "Өркен" өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәурен Мамырбаев.

Бүгінде ғаламтор білім алу үшін қажеттілікке айналған. Жылдамдығы жоғары Интернетке қосылған соң ұстаздар мен оқушылар оқу процесіне қажет материалдарды ғаламтордан қиындықсыз жүктеп, электронды білім ресурстарына кіре алатын болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Мамыр, 2024 12:15
Талқылау