Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіттерді әскерге күшпен әкетіп жатыр": Әлеуметтік желідегі видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Әлеуметтік желіде жігіттерді күшпен көлікке отырғызған полицейлердің видеосы қызу талқыға түскен еді. Видео авторы оларды әскерге алып бара жатқанын айтқан. Кейін бұл туралы Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарбаздар

"22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкентте жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізді. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының шақыртулары бойынша келмей, шақыртудан жалтарған мерзімді әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 әскерге шақырылушыәскери комиссариатқа күшпен жеткізілді", - делінген хабарламада.

Министрлік рейдтердің қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскерге шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағым түспегенін айтты.



"Сонымен қатар көбінесе көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын, ата-аналары жасырып жүрген әскерге шақырылушыларға шақыру қағазын беру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Шымкент қаласында 300-ден астам әскерге шақырылған сарбаз шақырту алған. Бірақ олар медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмейді", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомство медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен еді. Кадрлардан ер адамды күшпен көлікке мінгізіп жатқанын көруге болады.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 25 Сәуір, 2022 15:38
Талқылау