«Жігіттер» квартеті өз аналарын бейнебаяндарына түсірді (видео)
Шығармашылық тоқырауға ұшырап, көптен бері көрінбей кеткен «Жігіттер» квартеті аналарына ән арнап, өздеріне жарық дүние сыйлаған жандарды бейнебаянға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Жігіттер” тобы “Асыл анам” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Жаңа туындыда топ мүшелері Айдар, Бағлан, Ердос және Мырзаханның аналары бой көрсеткен.
Мейірімге, жылулыққа толы туындыда жастарға үлгі, өздерінен кіші буынға аға болып үлгерген “Жігіттер” аналарына жас балаша еркелейді. Аталмыш туынды “есейіп кетсе де, әр перзенттің анасы үшін сәби болып қалатынын” тағы да бір рет дәлелдей түскендей.
Барша аналарға ән арнап, әдемі бейнебаян сыйлаған топқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Жасай берсін, “Жігіттер”!
Жіберіп алмаңыз:
Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды
Қыдырәлі Болманов: Сұхбатты жазған орыс тілді бейтаныс журналист. Алла кешірсін
«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды
Беларусь әншісі Қайрат Нұртас туралы: Оны жұрт Майкл Джексонге теңейді