Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь әншісі Қайрат Нұртас туралы: Оны жұрт Майкл Джексонге теңейді

Беларусь елінің әншісі Қайрат Нұртастың әнін орындап жүр. Оған қазақстандық әншінің өзі рұқсат берген екен. Алғашқысы сұхбаттарының бірінде Қайратты өз елінде Майкл Джексонмен теңестіретінін айтып қалды.

14582223_1146960712023988_2382174271804801024_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қайрат Нұртастың сізге өз әнін орындауға рұқсат бергенін білеміз. Осы әншімен қарым-қатынасыңыз туралы айтып беріңізші”, – дейді бағдарлама жүргізушісі.

Беларусь әншісі өз кезегінде Қайрат Нұртасқа да бір әнін тарту ететіндігін айтып өтті. “Мен орындаған әннің мәтінінің авторы олармен жақсы таныс. Яғни, Қайраттың өзін де, продюсерін де біледі. Біз оларға арнайы жазып, мәтінін аудардық. Себебі, Қайрат тек қазақ тілінде ән салады. Оны өз елінде жұрт Майкл Джексонға теңейді.

Ол – Қазақстандағы ең танымал артист. Бір қызығы, оларды беларусь елі де білетін болып шықты. Оларға бізге ән тарту еткен соң, біз де өз кезегімізде сыйлық жасаймыз деп ұйғардық. Алайда, менің түсінгенім, орыс тілінде ән салу Қайрат Нұртастың жоспарында жоқ. Бірақ, біз міндетті түрде сыйлық жібереміз”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

БАҚ-қа шолу: Қыдырәлі Қарақаттан тоқал алып беретіндігін жазуды өзі сұрағанын ашып айтты

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Ділназ Ахмадиева опа-далапсыз түрімен бейнебаянға түсті

Индира Расылхан аты дүркіреп тұрған кезінде көкөніс сатқанын айтып көзіне жас алды

Талқылау