Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігітім қатты ренжіді": Мадина Оспан Төреғали Төрәлімен қарым-қатынасы туралы айтты

Белгілі актриса Мадина Оспан әріптесі Төреғали Төреәлімен қарым-қатынасы туралы сырын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Актрисаның айтуынша, халық арасында екеуі туралы өсек тарап кеткен. 

“2015 жылы жігітіммен танысып, жүре бастадым. Сол кезде “Ұлы дала комедиясына” басты рөлге бекітілдім. Төреғали Төреәлінің әйелі болып ойнаймын. Содан кейін халық екеумізді қоса бастады. Тіпті, “екінші әйелі екен” деген қауесет тарады. Маған ауыр сөздер айтып, түрлі хейт кетті. Ең қызығы, жүріп жүрген жігітімнің де аты жөні мен тегі Т әріпінен басталатын. Жеке парақшама фото салам да “ТТ” деп хэштег қоятынмын. Содан кейін де ушығып кеткен сияқты. Жігітім мені түсірілім алаңынан алып кетіп жүрді. Машинасының нөмерінде де сол әріптер бар еді. Жұрт менің “ТТ” деген көлікпен жүргенімді көрді. Бірақ Төреғали Төреәлімен ешқандай байланысым жоқ. Өмірде де араласпаймыз. Менің қасиетім сондай, түсірілім алаңында жұмысым бітсе, 10 минут та отырмаймын. Бірден кетіп қаламын. Өнерде достарым аз. Мүмкін содан шығар. Кейбіреулері түсірілім алаңында таныстық деп жан құрбыдай араласып кетеді. Менде ондай қасиет жоқ”, – деп сырын жасырмады актриса. 



Өнер иесі ел аузындағы әңгімеге жігіті де сеніп, біразға дейін араласпай кеткенін айтады. 

“Ондай әңгіме екеумізге де қиынға соқты. Жігітім “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды” деп ренжіді. Тіпті, біз ара-қатынасымызды тоқтатып, біразға дейін сөйлеспей кеттік. Сол сәтте мені телебағдарламаға сұхбатқа шақырды. Журналистика саласындағы жақын құрбым “Ел алдына шығып, бәрін ашып айтуың керек, өзің айтпасаң, бұл әңгіме тоқтамайды” деді. Содан ашып, арамызда ештеңе жоқ екенін айттым. Оны жігітім де көрді. Менің өнер адамы екенімді түсінді”, – дейді кино жұлдызы.  

Еске салайық, актриса күйеуінің қызғаншақ екенін айтқан еді. 

Талқылау