Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіті пәктігіне сенбеген бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған

Қазақстандық бойжеткен отбасылық қиындықтары туралы айтып берді. Әкесі ішімдікке салынып, анасына күн көрсетпейді екен. Мұнымен қатар, төсектес болған жігіті оның пәк екендігіне сенбеген-ді. Ол, тіпті, өзіне қол жұмсау туралы ойлағанын айтып жатыр.

dfc30846c00c0d4508061da21bf7545f

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

«Сіздердің ақылдарыңыз бен жылуларыңыз қажет! Қатты сөкпеңіздер! Басынан бастап айтып берейін. Үйде әке-шешем күнде ұрысады. Әкем анамның ашуына тию үшін күнде ішеді. Анамның жүйкесі тозып бітті. Бірнәрсе сұрасам болды ұрысып жібереді. Одан қатты қорқамын. Өзге отбасылардағыдай анасы мен қызы болып сырласуды армандайтынмын. Күні-түні әкемнің ішпеуін тілейтінмін. Түнде көршілерден ұяламын. Әке-шешем ешкімге қарамай айқайласып жатады. Кішкентайымнан көрген күнім осы. Туыстарымнан да қолдау көрмеймін. Барлығы қосылып алып анамды жамандайды…

Нағашыларым әкемнің ішімдікке салынуына бізді кінәлап отыр. Оларға сөз қайтаруға батпаймын. Жақындарымнан жылу сезінбегендіктен, қатты қиналамын. Шынымды айтсам, кейде өзіме қол жұмсағым келеді. Анам бізді асырап отырғанын бетімізге басады. Ақша мәселесіне байланысты қиындықтарымыз көп. Бірақ, шүкір деймін. Кейде барлығын тастап, тұрмысқа шығып кеткім келеді. Маған жолыққан адам әкем секілді болмаса екен деп ойлаймын. Бір жыл бұрын жүрген жігітімді қатты сүйдім. Бірақ, ол мені тастап кетті. Араға бір жыл салып қайтып келді. Мен қатты қуанып, арамыз жылына бастады. Үйдегі қиындықтар әбден шаршатты. Қазір жасым он сегізде.

Бір күні жігітім төсектес болғысы келетінін айтты. Мен қарсы болмадым. Тұрмысқа шығып, барлық қиындығымды артта қалдырамын деп ойладым. Бірақ, қыздығым түспегендіктен, жігітім маған сенбей жүр. Қатты қиналғанның үстіне қиналып кеттім. Түрлі ойдан басым қатты. Жігітімнен күнде түрлі сөз естимін. «Қыз болсаң, қыздығың неге алынбады?» деп ұрсады. Қанша рет ақталуға тырыстым. Әпкелерім, не істесем болады? Осы қиындықтарды өткергендер бар ма? Ақылдарыңыз бен жылуларыңызға зәрумін. Әке-шешем мен туыстарымның тарапынан ешқандай қолдау жоқ. Оларға бөтен адам секілдімін. Сөкпеулеріңізді өтінемін. Тек қана қолдау күтемін», – дейді Қаршыға Айдарбекова (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Үш қыздың анасы: Қайын сіңілім біздегі ұлын тартып ала ма деп қорқамын

Қазақстандық келіншек үшінші баласын тууына қарсы болған күйеуіне ренжулі

Тұрмысқа шықпаған қыз: Отбасылы жігітке қатты бауыр басып қалдым

Қазақстандық ана ұлына мектептегі қысым туралы айтуға тыйым салған ұстазға наразы

Талқылау