Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт өрт сөндіруші қызға ұсыныс жасау үшін құтқарушыларды шақырды (фото)

33 жастағы британиялық Марк Эдвардс өз сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін ерекше қадамға барған. Ол өрт сөндіру тобында жұмыс істейтін қызы Джодидің басшысымен сөйлесіп, қызды ер адамды құтқару үшін “өтірік шақыруға” жіберуге келіскен. Ал көмекке мәжбүр адамды “қолына сақинасы қыстырылып шықпай қалған” деп сипаттапты.

11-2211

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Ал шақырылған орынға барған Джоди бір тізерлеп отырған Маркты көріп таңқалысын жасыра алмайды. Марк оған тұрмысқа шығу туралы ұсынысты дәл сол сәтте жасаған.

380E072F00000578-3779384-image-a-22_1473325615044

Джодидің әріптестері жарасымды жұпты ерекше оқиғамен құттықтаған. Алайда әлеуметтік желіде пікір қалдырушылар бұл жағдайға бір жағынан қарсы ой айтыпты.

380E0A1300000578-3779384-image-m-24_1473325638209

“Осыншама ресурсты құрта беруге бола ма? Әдетте егер кімде-кім өтірік шақырса, онда оған айыппұл салынады”, – дейді Мэтт Маккартни есімді адам.

“Менің төлеген салығым қызға жасалатын ұсынысқа кетіп отыр. Ұят”, – дейді Ли Кофилд.

fire-proposition-970-head

Алайда Джоди жұмыс істейтін өрт сөндіру бекетінің басшысы Крис Гонтлет барлық қарсы пікір айтушыларға жауап жазыпты: “Мен сіздерге осы әрекетті жасауға рұқсат етілгенін айтқым келеді. Сыртқа шығулары олардың жұмысына кері әсер етпеді. Барлығы бақылау аясында өтті”, – дейді ол.

380E07F600000578-3779384-image-m-27_1473325833470

Марк пен Джоди қазір алты жылдан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Олардың екі баласы бар. 3 жастағы Миа мен 11 айлық Харпер.

“Мен ештеңеден сезіктенген жоқпын. Мен ол қарапайым күндегідей болады деп ойладым. Оқиға орынына жеткен кезде мен қарсы тараптан басқа өрт сөндіру көлігін көрдім. Сосын сәл көңіліме күмән келді. Содан соң іле-шала Маркты көріп, бәрін түсінгендей болдым. Бұл мен үшін өмірімдегі ең ерекше күн болып қалады”, – дейді Джоди.

Желі қолданушылары болса Джоди мен Маркты құттықтаған: “Қандай романтикаға толы сәт! Сіздерге барлық бақытты тілеймін!”, – дейді олар.

Талқылау