Жігіт телефон қабының арқасында оқтан аман қалған
Marvel супер қаһарманы "Халк" бейнеленген телефон корпусы қарулы қарақшы шабуылдаған Бразилияның Пернамбуку штаты Петролина қаласының тұрғынының өмірін сақтап қалды. New York Post басылымының мәліметінше жәбірленуші оқ жарақатынан аман қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аты-жөні жасырылған азаматқа қарулы қарақшылар шабуыл жасаған. Қашып кетер алдындар шабуылдаушылар ер азаматқа оқ атқан. Кейінірек оқиға орнына жеткен полицейлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізеді.
Зардап шеккен азаматты тексеру кезінде дәрігерлер оқтың денеге мүлдем жақындамағанын анықтайды. Оқ "Халк" суреті жапсырылған қорапшада тұрған Motorola смартфонына тиіп, жігіттің жамбасы ауырсынып қалған.
- Дәрігерлер ер адамның асқазанынан жұтып қойған телефонды алып тастады
- Қайтыс болған әйел бір сағаттан кейін қайта тірілген
"Оқ оның ұялы телефонының арасында қалып қойған", – деп жазады жәбірленушіні тексерген дәрігер Педро Карвальо Twitter-де. Ол оқ тиген жердің жанына экраны жарылған телефонның суретін қоса салған.
Науқас аздап қорқып және оқтың орны шамалы көгеріп қалған. Тексеруден кейін ол ауруханадан шығарылды.
Полиция әзірге шабуыл жасаған күдіктілерді анықтай алған жоқ.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
