Жігер Ауыпбаевтың туған інісі даусымен көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
Ауыпбаевтар жанұясынан жақында тағы бір жұлдыз шықса, таңғалмаңыз. Жігердің інісі Алмас қоңыр үнімен Instagram қолданушыларын баурап алуда. Осыдан бірер күн бұрын інісінің өнерін көпшілікке паш еткен Жігер елдің ықыласына бөленді, деп жазады Stan.kz.
“Біз үйде 6 ағайындымыз. Екі ұл, төрт қыз. Екі ұлдың біріншісі мен, екіншісі осы бауырым. Танысып қойыңыздар. Есімі Алмас. Ақындық, композиторлық қабілеті де баршылық. Туған інімнің өнеріне баға беріп қойыңыздар. Егер осылай ән айтып видеосын салып отырсын десеңіздер айтыңыздар”, – деп бөлісті Жігер інісінің гитарамен ән айтқан видеосын жариялап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары Алмастың өнеріне тәнті болып, оның даусын марқұм Табылды Досымовтың даусына ұқсатты.
“Керемет екен, салып тұрыңыз видеосын”, “Жақсы айтады екен. Өнерге әркімнің бар таласы демекші, бағын сынап көрсін”, “Табылды ағамыздың әндерін жақсы көретіні байқалады. Даусы да сол ағамызға ұқсайды екен”, – деп пікір білдірді қолданушылар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.