Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жиені Вагнер ЖӘК құрамында соғысты": Қарағанды облысының әкімдігі тараған ақпаратқа жауап берді

Бүгін әлеуметтік желіде "Қарағанды ​​облысы әкімі орынбасарының жиені Вагнер ЖӘК құрамында соғысты" деген хабар тарады. Аталған ақпаратқа қатысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова Facebook желісінде ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазды.

"Кейбір жұртшылық Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Вадим Басинге қатысты жалған ақпарат тарата бастады. Вадим Басиннің айтуынша, оның жиені жоқ, сондықтан туысы Вагнер ЖӘК-те соғысты деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

"Вагнер" ЖӘК – ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және басқаратын ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым. Бірқатар елдерде ол террористік ұйым мәртебесіне ие. 2014 жылдан бері топ ауыр техникамен, артиллериямен және әскери авиациямен қаруланып, Украина аумағында соғысқа қатысты.

Талқылау