Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезөкшелер Қазақстан бюджетін шамамен 10 миллион теңгеге толтырған

Жезөкшелер Қазақстан бюджетін шамамен 10 миллион теңгеге толтырған. Аталған соманың жартысын айыппұл ретінде жезөкшелердің өзі төлеген екен. Ал қалған сома «түнгі көбелектерге» пәтерін жалға беріп отырған адамдардан түскен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Полиция мәліметі бойынша, күн сайын Алматының бір ғана көшесінің өзінен 70 шақты жеңіл жүрісті қыздар ұсталады. Нәтижесінде жыл басынан бері азаматтарды арбағаны үшін 400-ден астам жезөкшеге айыппұл салынған. Алайда полиция қызметкерлерінің айтуынша, кей әйелдер түсіндіру жұмыстарынан кейін де өз ісін жалғастыра береді екен. Сонымен қатар сот шешімі бойынша 62 пәтерге  сүргі салынған. Бұл пәтерлерді жезөкшелер немесе жеңгетайлар арсыз әрекетті іске асыру үшін жалдап отырған.

«Елімізде өз пәтерін немесе бөлмесін жеңіл жүрісті қыздарға бір тәулікке не сағаттап жалға беретін үй иелері бар. Айтпақшы, мұндай притондар сот шешімі бойынша бірінші рет 3 айға жабылады. Егер олар сот шешіміне құлақ аспаса, сот орындаушылары мен полиция қызметкерлері пәтерге сүргі салады. Ол 3 жылға дейін жабылуы мүмкін», – дейді Алматы бойынша ІІД баспасөз қызметінің төрағасы Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз:

Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком акциясын сатып алуға рұқсат алды

Назарбаев «болашақ президенттің» кім екенін атады

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды

Талқылау