Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда шенеунік өзіне 270 мың теңге сыйақы тағайындап алған

Шенеуніктің әрекетін мемлекеттік қызметкерлердің әдебі кеңесінің мүшелері арнайы қарастырған.

орпав

Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.

Қызметтік тексеріс барысында Хамзат Жаналиннің 2016 жылдың 5 қазаны мен 2017 жылдың 5 қаңтары аралығында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі болып істегені анықталды.

“Сынақ мерзімінен өту кезінде Жаналин өз бұйрығымен 2016 жылдың 9 желтоқсанынан бастап өзіне тәуелсіздік күні құрметіне 270 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Сыйақы беру ережесі бойынша ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес сынақ мерзімінен өтіп жатқан қызметкерге сыйақы тағайындауға тыйым салынған. Мемлекеттік қызмет туралы заңға байланысты өзінің материалдық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында қызметтік өкілеттілігін пайдалану – мемлекеттік қызметкерге деген сенімді жояды”, – деді мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкері Бақтияр Мәкеев.

Оның айтуынша, тексеру кезінде шенеунік өз кінәсін мойындаған. Алайда оған әдеп кеңесі кезінде сөз берген сәтте, іске қатысы бар екенін жоққа шығаруға тырысыпты.

“Мен неге қол қойғанымды байқамадым. Ақша әйелімнің карточкасына түсетіндіктен мен оны санамаймын”, – деп ақталды ол.

Әрі қарай шенеунік жыл қорытындысы бойынша 4 миллион теңгеден астам үнемделген ақшаның пайда болғанын түсіндірді. Сосын ол ақшаны бөлім қызметкерлері – мемлекеттік қызметкерлер мен арнайы жұмысшылар арасында бөлу керек болған. Шамамен 130 адамға.

270 мың теңге сыйақыны егер Жаналин, сынақ мерзімінен тыс қызметтік уақытта алса, онда ол заңды болып саналар еді. Әдеп кеңесінің қорытындысы бойынша шенеунік қызметтік жауапкершілігіне салғырт қараған деген қорытынды айтылды. Алдағы уақытта осыған ұқсас жағдай қайталанса, қызметкер жұмысынан қуылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Тараз тұрғыны байқамай күйеуі бар келіншекті алып қашқан

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр