Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 13:00

Кешегі аптада Нұрбол Сетерхан есімді  әлеуметтік желі қолданушысы жарты жыл бойы құлдықта жүрген солтүстікқазақстандық бір азамат жайлы бейнежазба жариялады. Бұл адамның аты-жөні – Бердімұрат Кәмелбай, жасы 53-те, өзі Монғолияда туып-өскен, Қазақстанға 2005-жылы қоныс аударған.

pogudx22t7p2qucd9.53b6f2d5

«Қазір отбасым Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы «Казанка» ауылында тұрады. Ұлымның аты – Қалижан, қызымның есімі – Айсұлу. Мен оларды іздеймін, олар да мені іздеп жүр дейді, келіп, алып кетсінші», – дейді Б.Кәмелбай. Осыны айтқан азамат кемсеңдеп, жылап тұрды, деп жазады Замана.

Өзінің айтуынша, ол осыдан 6 айдай бұрын жұмыс іздеп Астанаға барыпты, құрылыста істепті. Екі ай еңбек етіп, айлық жалақысын ала алмай жүргенде Қарағанды жақтың жігіттері алдап әкетіп, мал бақтырып қойған екен. Жағда­йын біліп, жаны ашыған бір азамат кейін оны қой жайып жүрген жерінен Қарағандыға жеткізіп, одан Астанаға таксиге отырғызып жіберіпті.

Астанадан өзінің ауылына жете алмай жүрген Кәмелбай мешіттен шығып келе жатқан Нұрбол Сетерханды тоқтатып, одан көмек сұраған. Жағда­йын түсіндіргенімен жұрттың өзін жалған сөйлеп тұрған қаңғыбас ретінде қабылдап, сенбей жүргендерін айтып, жәрдем сұрапты. Б.Кәмелбайдың туыстарымен хабарласатын телефоны да жоқ екен. Нұрбол оны тамақтандырып, әңгімесіне қаныққасын бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желіге орналас­тырыпты. Оны бірер күннің ішінде ғана мыңдаған адам көрді.

Әлеуметтік желіде осы жайды жариялап, онда өзінің байланыс телефонын қалдырған Нұрбол Сетерханға біз де телефон шалған едік. Астаналық азамат бізге Б.Кемелбайды Солтүстік Қазақстаннан балалары келіп алып кеткенін айтты. Яғни Нұрбол бауырымыз қиын жағдайда жүрген әкені балаларымен табыстырып, үлкен сауапты іс жасапты.

«Бейнежазба жарияланғасын маған шамамен мыңға жуық адам хабарласты-ау өзі. Мейірімді адамдар баршылық екен», – дейді Нұрбол Сетерхан.

Тағы да оқыңыз:

Тараз тұрғыны өзінің қалыңдығын сексуалды құлдыққа сатып жібермек болды

Ақтөбеде діни ағымның өкілі екі адамды құлдықта ұстаған

Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

Қазақстандық әйел енесінің туған ұлын құлдыққа сатып жібергенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар