Тараз тұрғыны өзінің қалыңдығын сексуалды құлдыққа сатып жібермек болды

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 11:25

Астана қаласының полицейлері қызды сексуалды құлдыққа түсуден сақтап қалды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

930337

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 33 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстаған. Ол 20 жастағы алматылық қызды алдап, Астанаға сексуалды құлдыққа сатып жібермек болған.

“Зардап шегушінің мәліметі бойынша Тараз тұрғыны оны әйелі етіп алып, анасымен таныстыруға уәде еткен. Осы ұсыныс бойынша ол қызды Астанаға алып келіп, А. есімді азаматқа сексуалды құлдыққа беріп, 50 мың теңгені сыйақы ретінде алған”, – деп хабарлайды полиция.

Қыз күдікті жігітпен Алматы қаласында танысқан. Қазіргі таңда “Адам саудасы” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

“Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі таңда тергеу шаралары және азамат Д.-ның басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі тексеріліп жатыр”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз

Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)

Ақтөбеде 4 тәулікке жоғалып кеткен оқушы қыз пәктігінен айырылған

Мас ер адам полицей қызды теуіп, сабап тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар