Ақтөбеде 4 тәулікке жоғалып кеткен оқушы қыз пәктігінен айырылған

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 22:25

Ақтөбеде төрт күн бойы ізделген сегізінші сыныпта оқитын қыз ересек жігітпен қатынасқа түсіп, пәктігінен ажыраған.

image24558575

Бұл туралы Timeskz хабарлайды.

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және оларды қорғау комиссиясының хатшысы Ботагөз Бисенованың айтуынша, қыз толыққанды отбасының мүшесі және тамыз айында 15-ке толады екен.

“Қыз үш рет үйінен қашып кеткен. Ол алғаш рет қашқан кезде ешкімге айтпай таңертең кетіп қалып, кешке оралған. Екінші рет кеткен кезде бір тәулікке дейін жоғалған. Ол анасымен ренжісіп қалып, басқа подъезде түнеп жүрген. Ал ертесіне үйге келген. Үшінші ретте ол төрт тәулікке жоғалған. Оны Хромтау аудан орталығынан тапты”, – деді Бисенова.

Оның айтуынша, оқушы қыз әлеуметтік желіден ересек достар тапқан. Олардың бірі көлікпен келіп, қызды ертіп Хромтауға кетіп қалған.

“Жолда кетіп бара жатып автокөлікте оны пәктігінен айырған”, – деді Бисенова. Жігітте кәмелетке толған, 19-да. Ол жыныстық қатынасы екі жақтың келісімімен болды десе де, қылмыстық іс қозғалған.

Кәмелетке толмағандар ісін қарайтын комиссия полициямен біріге отырып, қыздың ісін ювеналды сотқа жолдады. Қыздың бұдан былай тәртібін түзеуге арналған Қызылордадағы арнайы мектепке бару-бармауын сот шешетін болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар