Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында Қытаймен шекарада 6 миллиард теңгенің вейп контрабандасы ұсталды

Салмағы 155,8 тонна құны 6,1 миллиард теңге болатын вейптер Қытаймен шекарадағы "Алакөл" кеден бекетінде тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алакөл" кеден бекетінің қызметкерлері Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде бір реттік электрондық темекілерді, электрондық темекіге арналған сұйықтықтарды және электрондық темекіге аксессуарларын заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті.

Тауарлар мен көлік құралдарын ұстауға ЕАЭО кедендік аумағына келген кезде құжаттарды ұсынбау және тауарларды декларацияламау негіз болды.

2023 жылғы 1-6 наурыз аралығында Жетісу облысы бойынша КК "Алакөл" кеден бекетіне Қытайдан 8 автокөлік келді.

Алайда, Кеден кодексінің 154-бабын бұза отырып, тасымалдаушы кеден органына тауарлар мен көлік құралдарының ЕАЭО кеден аумағына келгені туралы уақтылы хабарламады және тауарға құжаттарын ұсынбады. Осы бұзушылықтар үшін тасымалдаушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодестің 524 және 531-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру жүргізу кезінде жалпы салмағы 155,8 тонна электрондық темекі (вейп) табылды", - делінген хабарламада.

Мамандардың қорытындысы бойынша тауардың жалпы құны 6,1 миллиард теңге болып отыр. Кедендік төлемдер мен салықтардың болжамды сомасы 1,9 миллиард теңгені құрайды.

Материалдар бұдан әрі тергеу амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 03 Шілде, 2023 12:45
Талқылау