Жетісу облысында ірі жол апаты болып, ер адам ғажайыппен аман қалды (видео)

Жетісу облысы Көксу ауданында жүк көлігі мен үш жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік апаты Көксу ауданында Алматы – Өскемен тасжолының 215-шақырымында, Алғабас ауылы маңында болды. Оқиға орнында бір жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті.
“Құтқарушылар күшімен көлікте қысылып қалған бір адам шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"