Жетісу облысында 3 әкімге 1 млн теңгеден айыппұл салынды
Жетісу облысындағы кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істегені анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото:ашық дереккөзден
Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша жүргізілген талдау қорытындысы жарияланды.
Облыстық прокуратура мәліметінше, кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарда құқықтық құжаттар болмаған.
“Мысалы, Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды”, – делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”