Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 12 жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды

Жетісу облысы прокуратурасы педофилдің өмір бойына бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Өткен жылдың тамызында K 12 жасар қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сол күні ол ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” деген айып тағылды.



Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, бұл үкімді өзгертті. Нәтижесінде кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін 36 жастағы ер адам тапа-тал түсте мектеп оқушысын өз үйінде зорлап кеткені айтылды. 

Талқылау