Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеті жылдан бері біргеміз": Оралда арбаға таңылған спортшылар шаңырақ көтерді (видео)

Оралда арбаға таңылған спортшылардың үйлену тойы өтті. Осылайша, 63 жастағы Александр Сареев пен 53 жастағы Гүлнар Айдарғалиева шаңырақ көтерді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NV.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күйеу жігіт пен қалыңдық – мүмкіндігі шектеулі спортшылар. Александр армрестлингпен айналысса, оның жұбайы Гүлнар теннис және шахмат ойнайды. 

Жас жұбайлар қарттар мен мүгедектерге арналған үйде тұрады. Олар мейірімді жандардың көмегімен үйлену тойын жасады. Белгілі болғандай, олардың некесі қиылғаннан кейін, өздеріне жеке бөлме беріледі екен. 

Александрдың сөзінше, ол жұбайымен 7 жыл бұрын танысқан. Содан бері айырылысқан емеспіз, дейді. 

«Жеті жыл бұрын таныстық. Гүлнар шахматтан жарысқа қатысып жатқан кезде, арбамен оның жанына келдім. Содан бері бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Бұл өмірдегі ең басты нәрсе», - дейді Александр.
 

Талқылау