"Жеті жыл заңсыз тұрдық": Мақпал Жүнісова неке куәлігін көрсетті
ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова заңды некеге тұрған сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі 27 жыл бұрынғы құжатты көрсетті.
“Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз” дегенде: “Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік” деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды”, – деп жазды әнші.
-
"Бриллианттарымды таратып жатырмын": Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті
-
"Су беретін де, у беретін де – өздерің": Мақпал Жүнісова халыққа жан сырын ақтарды
Сондай-ақ халық әртісі тегін ауыстыруға қатысты да сұраққа жауап берді.
“Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, “Еңбек сіңірген әртіс” атағын алып қойғанмын”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, халық әртісі 50 жыл бұрынғы оқушы кезін көрсеткен еді.