Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті сағаттан соң көз жұмды: Өлім аузында жатқан ер адам ауруханада үйленді

Англияның Нортгемптон қаласында ауруханада өлім аузында жатқан науқас үйленді. Ол арада жеті сағат өткеннен кейін көз жұмды. 

Жеті сағаттан соң көз жұмды: Өлім аузында жатқан ер адам ауруханада үйленді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маусым айында 33 жастағы Гэри Смарт өзін нашар сезінетінін айтып шағымдана бастаған. Оның көкірек қуысы ауырып, өздігінен арықтап, ұйқысы нашарлаған. Қыркүйек айының соңында ер адамның өкпенің қатерлі дертіне шалдыққаны анықталыпты. Оның үстіне дерті асқынып, соңғы дәрежесіне жеткен екен. Осыдан кейні дәрігерлер науқас бірнеше күн ғана өмір сүреді деген болжам жасайды.

Жеті сағаттан соң көз жұмды: Өлім аузында жатқан ер адам ауруханада үйленді

Ер адам отбасылы адам болып өмірден өткісі келген. Сондықтан туыстары аурухана палатасында оған неке қию рәсімін жасап берді.

Өлім аузында жатқан ер адамның жанына туыстары, достары және дін қызметкері жиналды. Осылайша, олардың некелері қиылып, дін қызметкері Гэри мен 31 жастағы Лаураны ерлі-зайыпты деп жариялады. 

Жеті сағаттан соң көз жұмды: Өлім аузында жатқан ер адам ауруханада үйленді

«Ол әрең дегенде неке антын айтып, саусағыма жүзікті тағып, мені сүйіп алды. Мен оның жанына жатып, екеуіміз «Форсаж 8» фильмін көрдік. Себебі ол көліктерге қызығатын», - дейді Лаура.

Арада 7 сағат өткеннен кейін ер адам көз жұмды.

Талқылау