Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерімізге ие болайық": Балғынбек Имашев қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Ақынның өзі де жерімізге ие болу үшін солтүстікке көшуге ниетті екенін айтты. Бос жатқан жерге ие болу үшін аталған өңірде адам санының маңызы барын жеткізді.

"Кім шынымен мемлекетшіл? Кім думанды шетелде қыдыруды емес, туған мекенге туды ілуді қалайды? Мен бар қазаққа үндеу тастаймын! Карантинде қамалып, смартфонға қадалып бос жатқанша, бос жатқан жерге еге болайық. Теңіз жағасындағы Анталияға емес, Теріскейдегі Қызылжарға, Босфордағы Стамбулға емес, Тобылдағы Қостанайға, Кипрге емес, Керекуге көшейік. Кім қолдайды?
Көше алмасаңыз да, үндеуді таратыңыз! Пікір жазып, көп адамның көруіне үлес қосыңыз!", - деп жазды Балғынбек Имашев. 

Айтыскердің өзі де Астанадан солтүстікке қарай көшуге ниетті. Ауыл болып көшсек, нәтиже болады деп сендірді. 

"Елімізде ауыл-ауылда жігіттер атқа мініп, Қазақстанның туын алып жүр. Желіде жұмыс істегенше, шын әрекет етейік. Ауыл-ауыл болып солтүстікке көшейік. Тамыр жайып, бала санын көбейтіп, жерсініп кетеміз. Бұл ата-бабамыздың жері. Соған ие болайық", - деді ақын. 

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, енді бірі қарсы пікір жазды.

"Иә, айтқаныңыз жөн, дұрыс қой! Бірақ айтыңызшы ол жаққа үй күйін жұмысын тастап кім барады. Әр облыстан көшіп барған отбасылардың ақшасын жеп, үйін бермей парақорлыққа салынған әкімдер кінәлі. Қаншама отбасы көшіп барды не өзгерді, ақшасын жеді үйін дұрыс бермеді", "Алла разы болсын осындай сүйіншілейтін жаңалық көп болсын", "Менің інім Қостанай облысына көшіп барды. Үшінші жыл сонда тұрып жатыр", "Қалай көшеміз сонда? Бағдарлама бар ма?", "Халқы тығыз үлкен қалаларымыздағы және Оңтүстік өңірдегі атұстар ағайындарға тікелей тасталған ұсыныс қой!", - деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр