"Жерге құлатып тепкілеген": Қостанайда полицейді бір топ адам ұрып кетті (видео)

Қостанайда полиция қызметкерін мас үш ер адам балаларының көзінше ұрып-соғып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға кезінде түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан үш адамның формадағы қызметкерге шабуыл жасап, ұрып-соққанын көруге болады. Бір кезде полицей жерге құлап, ер адамдар оны тепкілеуге көшеді.
Мәліметке сәйкес, жанжалға полицейдің ескерту жасауы себеп болған. Полиция қызметкері әлгі үш адамнан өздерін дұрыс ұстауды сұраған. Алайда жауап ретінде үш адам оған жұдырық ала жүгірген. Ал сол сәтте полицейдің жанында балалары болған.
Талғардағы жұртты дүр сілкіндірген оқиға бойынша учаскелік полицей сотталды
Алматыдағы жол апатына жоғары лауазымды полицейдің қатысы болуы мүмкін – Депутат
Балалар зардап шеккен жоқ. Қазір полиция қызметкері амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
“Барлық шабуыл жасаған азамат анықталып, ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілердің әрқайсысы толық көлемде жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласында полиция ғимаратының маңында полиция майорының жол ережесін бұзып, көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған видеосы желіде жарияланған еді. Осыдан кейін полицей жауапкершілікке тартылған.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік