Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер үшін": Алматыдағы екі теміржол ауруханасының ғимараттары бұзылғалы жатыр

Дәрігерлер Алматыда екі теміржол ауруханасы бұзылғалы тұр деп дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Парасат" ЖШС директоры Замира Сұлтан ауруханалардың жерін пайдалану үшін ғимараттарды бұзу шешімі қабылданғанын айтады. 

2018 жылы үкіметтің қаулысымен бүкіл Қазақстан бойынша 16 теміржол ауруханасының барлығын сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде ауруханалардың жұмыс істеп, қарқынды дамуына рұқсат берілген көрінеді. Алайда жер мәселесіне қатысты түсініспеушіліктер туындаған. 

“Менің компаниям екі тендерге қатысып, тендерді ұтып алды. Бізге Алматы қаласындағы екі аурухананы басқару мүмкіндігі берілді. Тендер ашық түрде өтті, сіз оны мемлекеттік сатып алу сайтында көре аласыз, шағымдар болған жоқ. Мен Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мүлік комитетіне бардым, екі келісімге де қол қойдым. Біз мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасымен сөйлестік, болашақ инвестицияларымыз туралы, онда не істеуді жоспарлап отырғанымыз туралы әңгімелестік. Мемлекеттік мүлік комитеті Алматыдағы теміржол ауруханалары бұрынғыдай жақсы жұмыс істейтініне қуанышты еді", – деді Замира Сұлтан.

Соған қарамастан, дәрігердің айтуынша, бірнеше айдан кейін әкімдік Абай даңғылындағы теміржол ауруханасының ғимаратын тарихи құндылық деп дәлелдеп, компанияның үстінен сотқа талап арыз берген. 

“Инвесторлар ғимараттың тарихи келбетін сақтап қалды, кәріз және электр сымдарын толық ауыстырып, сыртын ретке келтірді. Осыдан кейін, 2019 жылы келісімшарт бұзылды, ғимарат олардан алынды, салынған ақша оларға қайтарылмады, үй-жайлар бос, аурухана жұмыс істемейді. 2021 жылы Ақансері көшесіндегі теміржол ауруханасын сенімгерлікпен басқару шарты бұзылды”, –дейді ол.

Оның сөзінше, алдымен мораторийге қарамастан, көптеген тексерулер басталды. Ешқандай заң бұзушылық анықталмаса да компания мемлекеттік мүлікті нашар басқарды деп айыпталған. 

"Алматының қалалық активтерін басқару бөлімі бізге басқаруға берілген екі вагон және теміржол ауруханасының жабдықтарын дұрыс пайдаланбады деп бізді айыптап отыр. Бұл екі көлік жөндеуге келмейтінін айтқым келеді. Оларды қазір жөндеу үшін көп ақша қажет! Бұл ақшаны ауруханадан алып, осы аппараттарға салу керек. Жаңасын сатып алу оңайырақ. Сондықтан біз оларды жөндеуді қажет емес деп санадық. Олар тоқсаныншы жылдардан бері техникалық қызмет көрсету станциясында тұрған. Медицина бір орында тұрмайды, жыл сайын бәрі жетілдірілуде ", – деп түсіндірді Замира Сұлтан.

Аурухана басшысы қазір болып жатқаннын барлығы аурухана орналасқан аумақты алу мақсатында жасалып жатқанына сенімді. 

"Біз ауруханалар орналасқан жер біреуге қажет болғандықтан осылай болып жатыр деп есептейміз. Расталмаған қауесеттерге сүйенсек, әкімдіктің мамандары тарихи құндылыққа сілтеме жасай отырып, ауруханаларды мемлекет меншігіне қайтарады, содан кейін сараптама жүргізіп, ғимараттар пайдалануға жарамсыз деп шешкеннен кейін олар тізімнен алынып тасталады. Егер қалаға ауруханалар қажет болса, онда біз, міне, үшінші буындағы дәрігерлерміз, олар өз профиліне сәйкес жұмыс істеуге және өз қаржысын салуға дайын", – деді Замира Сұлтан.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 14 Қазан, 2021 18:46
Талқылау