Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер сілкінісінің аумағы кең": Сейсмологтар Алматыдағы апаттың қаупін бағалады

Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты брифингте сейсмология институтының директоры қалада түнде болған жер сілкінісінің қаупін бағалады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

алматы

Фото: Pixabay сайтынан

Брифингте сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев көршілес елдерде болып жатқан жер асты дүмпулерінің ықтимал қаупіне болжам жасады.



"Аумағы кең. Жер сілкінісінің ошағы жер бетіне әлдеқайда жақын болды, ол шекаралық аумақта кең тарады. Географиялық жақындығы 265 шақырым болғанын ескерсек, бұл сейсмикалық оқиғаны қаламыздың тұрғындары да сезінді. Тіркелген бес балды ескерсек, мұндай жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына ешқандай қауіп төндірмейді", – деді Дәулет Сәрсенбаев.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде тұрғындарға жаңа жер асты дүмпуі сезілді. Жер сілкінісі салдарынан сағат 03:00-де 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

Талқылау