Жер дауы: Көкөзек ауылының тұрғындары тәркіленген жер телімі үшін әділ өтемақы сұрайды
Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғындары магистральдық газ құбырын тарту үшін әкімдік тартып алған жер телімдеріне берілген өтемақы мөлшерімен келіспейді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
фото: видеодан скриншот
Телеарна хабарлауынша 100 шақты отбасы Қонаев қаласындағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Тұрғындар алты айдан бері Қарасай ауданының азаматтары жер телімдері нарықтағы бағамен әділ бағалануын талап етіп отыр.
“Алты ай бұрын жерімізді Үкімет өз меншігіне алатынын айтты. Бірақ бізде үйдің сүрілетіні жөнінде құжат жоқ. Сыртымыздан ердің бағасын шығарып қойыпты. Ең төменгі баға 6-7-8 сотық жер бір жарым миллион теңге болып тұр”, – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Нигара Рузиева.
500-ге жуық жер қожайындарын бұл жер телімдерін олардан сатып аламыз деп сендірген. Бірақ ұсынылған бағамен көптеген адам келіспеді.
"Олар маған бұл жер мемлекет мұқтажы үшін бұзылады деп жатыр. Ешқандай хабарлама алған жоқпын. Біздің үйлер нарықтық бағадан төмен бағаланды. 1 900 000 - бұл ақшаға қазір қайдан жер сатып алуға болады",- деді Көкөзек ауылының тұрғыны Аманғали Мұқашев.
Шенеуніктер бұл жерлерді сатып алу керек деп түсіндірді. Жер учаскелерін ауыл тұрғындарына қалдыру мәселесі мүлдем талқыланбайды. Жер сатылымына байланысты заңсыздық анықталса, мемлекеттік қызметкердің қатаң жазаланатынын айтты. Бірақ алдымен тексеріс жүргіземіз деп сендірді.
"Газ магистралінің қауіпсіздік аймағы – 150 метр. Бұл жерлерді алып қою ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бағамен келіспегендер үшін процедураны қайталаймыз. Қандай да бір келісімге келуге тырысамыз",- деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Егер тараптар бұл жолы баға бойынша келісе алмаса, мәселені тек сот арқылы шешуге болады. Ал әзірше тұрғындар өз мүлкі әділ бағаланады деп үміт етіп отыр.