Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер әкім табанының астында опырылып жатыр": Алматы әкімшілігі асфальттағы тесікке байланысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде асфальттағы үлкен тесік түсірілген видео таралуда. Алматы әкімдігі бұл оқиға Алатау ауданында болғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпаарт агенттігі. 

жол

Видео Telegram каналдардың бірінен тараған. Кадрлардан асфальттың уытылып кеткенін байқауға болады.  

"Бұл Алматы, 13-ші шағын аудан. Алатау ауданы әкімі аяғының астында жер опырылып жатыр", - деп жазды пост авторы.

Алматы әкімдігінде видеоға түсініктеме берілді.

"2020 жылдың 24 қыркүйегінде Алатау ауданының 13-ші шағын ауданында (Алғабас) диаметрі 160 миллиметр су құбыры желісі жарылды. Кепілдік міндеттемелер шеңберінде "АлматыИнжстрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сумен жабдықтауды беру шамамен 17.40-та жаңартылды.

25 қыркүйекте іргелес жатқан аумақтың іргетасы қабаттап тығыздалып, бұзылған телімдерге асфальт төселіп, абаттандырылды. Оның жарылу орны (12 шаршы метр) асфальт төсеу технологиясын сақтай отырып, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіне дейін қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Талқылау