Жеңіс Ысқақова: Келінімді үйде қалдырып, өзім бөлек шығып кеттім
Жуырда келін түсіріп, қуанышы қойынына сыймай жүрген Жеңіс Ысқақова бүгінде келіні мен ұлынан бөлек тұрып жатыр. Тіпті, өнер иесі жанұясынан жырақ кетіп, Астанаға қоныс аударған көрінеді. Алайда, бұл отбасындағы жаңалықтан хабардар болғандар, «ене мен келін арасынан ала мысық өтті», – деп ту сыртынан түрлі тұжырымдар жасап жатқан көрінеді. Ал Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Жеңіс ханым, келінмен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашып айтты.
«Ең қызығы халықтың барлығы сұрайды. Жеңіс, келін сіздермен тұрады ма, әлде бөлек тұрады ма деп. Мен айтамын келін бізбен тұрады, мен бөлек тұрамын деймін. Өйткені, келінді түсірген бойда мен 2 күннен кейін Астанаға ұшып кеттім. Қазір жұмыс бабымен Астанада тұрып жатырмын. Келін, отбасы, бай, бала-шаға бәрі Алматыда», – дейді Жеңіс ханым.
Иә, Ысқақова қазіргі таңда астаналық тұрғындардың тізімін толықтырған. Әнші бас қаладағы өнер ошағында ұстаздық етуге үмітті. Тіпті, университет басшылығының көңілінен шықса, алдағы уақытта Сарыарқаның төрінде тұрақтап қалуы да ғажап емес.
«Мен қазір Астанадағы Айман Қожабекқызы Мұсақожаева басқарып отырған Қазақ Ұлттық Өнер универсиетінің «эстрада вокал» бөлімін басқарамын. Және де студенттерге сабақ беремін. Сондай-ақ болашақ эстрада әншілерінің мұғалімдеріне де басшы болып отырмын. Әзірге уақытша жұмыс жасап жатырмын. Тұрақтап қалуымды бір Алла біледі. Егер де мені жұмысқа қабылдаса, қаламын Астанада», – дейді Ысқақова.
Алматыға анда-санда келетін Ысқақоваға келіні Каринаның да ықыласы ерекше. Елорададан енесі келді деген хабар жетсе, жас келіншек құстай ұшатын көрінеді.
«Ең қызығы сол келінім мен келе жатқан кезде президент келе жатқандай күтеді. Мен өзім ыңғайсызданып қаламын. Қазір демалыс күндері ғана үйге келіп тұрамын ғой. Бір жақсысы мама келе жатыр деп, мені бәрі дайындалып күтеді. Өз үйіме өзім қонақ болып келіп, қонақ болып кетіп жүрмін», – дейді жұлдызды ене.
Енесіне ерекше құрмет көрсеткен келінге Жеңіс ханым да дән риза! Сондықтан болар, тұңғышының жұбайына жоғары бағасын беріп, мақтаудан шаршамайды.
«Мен балаларыммен де доспын. Сол сияқты менің балам маған дос болса, оның келіншегі де маған дос болуы керек. Бізде сен келінсің, мен енемін. Мен келгенде атып тұрып сәлем сал деген жоқ. Менің келінім өзі бір тәрбиелі, мәдениетті, білімді қыз. Келінім Карина ата-анасынан жақсы тәрбие алған қыз. Сондықтан да оған көп нәрсені үйретудің қажеті жоқ. Ол өзінің орнын, жөнін білетін қыз. Сондықтан да маған Аллаға шүкір, ешқандай қиындық тудырып жатқан жоқ», – дейді әнші.
Алайда, ер мінезді әншінің келінге қояр өзіндік талаптары да бар. Бірақ, ұлы Айсұлтанның нұсқауымен, Карина енесінің түрлі сынақтарынан сүрінбей өткен.
«Әр жанұяның өзіндік тәртіптері бар ғой. Мысалы мен тазалыққа өте шыдамсыз адаммын. Кесенің шетінде жаңағы шәйдің қалдығы қалып қойса, соған ашуланатын адаммын. Бірақ, оның барлығын ұлым келінге айтып қойған болуы керек. Ондай әлі кемшілік көрген жоқпын», – дейді Жеңіс Ысқақова.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым
Қызылордада денесі суып, есінен танғанына біраз болған баланы мешіт имамы құранмен тірілтті
Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін