Жеңіс Ысқақова 2 айда 21 келі салмақтан қалай арылғанын айтып берді
Шашын әртүрлі түстерге бояп, тыңдармандарын таңғалдырған Жеңіс Ысқақова небәрі 2 айдың ішінде 21 келі салмақ тастаған. Әнші аз ғана уақыттың ішінде жасарып шыға келуінің сырымен бөлісті.
Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
Әншінің айтуынша, артық салмақтан арылуға оны екі бірдей ұлы мен өмірлік жолдасы үгіттеген. Ысқақова арықтау үшін дәрі ішпегенін әңгімелеп берді.
«Жолдасым «сен қайтадан қыз болдың» деп қуанып жатыр. Ең бірінші, ұлдарым үшін салмақ қудым. Екі ұлымның ұсынысымен арықтадым. Кейде екі ұлыммен киноға, қыдыруға барамыз. Сол кезде балам қуанып: «Мама, сен қасымызда қызымыз сияқтысың», – дейді. Ешқандай да арықтататын дәрі ішкен жоқпын. О бастан жолдасым спортшы, үйленгелі бері бір салмақта жүр. Маған ащы, тұзды, майлы тағамдар жемеу керектігін айтты. Көп тамақ іше берсең, асқазан үйреніп кеңіп кетеді. Біз сүт пен шайды өкіртіп ішеміз, нанға майды жағып қойып. Соны азайттым. Шай сүтсіз болды. Негізі сүтпен шай зиян екен адамға», – деп түсіндірді Ысқақова.
Бұған дейін, Жеңіс Ысқақованың 1 айда шашының түсін 3 рет өзгерткенін жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева сыртқы келбетін сынға алған желі оқырмандарына жауап берді (фото)
«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды
Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)
Актриса Бибігүл Ақтан шаңырақ бейнеленген патриоттық татуировкасын көрсетті