Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жеңіл жүрісті етіп көрсетпек": Ақтөбе облысында 19 жастағы қыздың мүрдесі моншадан табылды

Әділдік іздеп, шаршадық! Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған 19 жастағы бойжеткеннің туыстары полицейлердің істі дұрыс тексермей жатқанын айтып, шағымданды. Марқұмның мүрдесін жақындары ауылдағы бір үйдің моншасынан тауыпты. Алайда олар қыздарының ол үйге бармақ түгілі, тіпті, жақын араласқан адамдары еместігін айтып отыр. Ал, сараптама қорытындысында бойжеткеннің иістен уланғаны жазылыпты. Бірақ, жақындары мұнымен келіспей, мүрдеге эксгумация жасап, нағыз қылмыскерді тапсын деп отыр. 

Қайғылы оқиға осы жылдың сәуір айында Бадамша ауылында болған. Сол күні Жұлдыз түнделетіп дәмханадағы жұмысынан қайтыпты. Алайда үйіне жетпеген. Қызының өлі денесі моншада жатқанын анасына күндізгі 11-лерде хабарлапты. Тауып алған - монша қожайынының ұлы екен. Ол жерге бойжеткеннің қалай барғаны, кіммен барғаны жақындарына әлі күнге жұмбақ. Олар бірауыздан қызды біреулер алдап шақырып алып, қастандық жасаған деп санайды, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

«Екі жарым ай өтті, еш нәтиже жоқ. Полиция дұрыс тергемей жатыр. Олар иіс газы деген шешім беруде. Сараптамада иіс газы деп берген. Бірақ газ учаскелерінің қағаздары нормаға сай екені көрсетілген. Қылмыскерді әлі күнге дейін таба алмай отыр. Іздегісі де келмейді», - деп хабарлайды марқұмның ағасы Марат Төлешов. 

Істің түсініксіз тұстарының көп екенін анасы да айтуда. Тіпті, кінәнің бәрін қызыма артып, жеңіл жүрісті қылып көрсеткілері келіп отыр деп наразы. 

«Олар қызымды өз ажалымен өлді деп, істі жылы жауып қойғылары келіп отырған шығар. Бірақ менің жүрегім сезеді. Ешқандай газға уланбаған. Оны әдейі өлтірген. Қызымды жеңіл жүрісті қылып көрсеткілері келеді, ол ондай емес», - дейді марқұмның анасы Кенже Төлешова. 


"Үш еселеніп қайтты": Елордада көшеден 5 млн теңге тауып, иесіне қайтарған ер адам ойда жоқта баспаналы болды >>>

Жұлдыздың жақындары оның ақжарқын, пысық, оғаш қылығы жоқ болғанын айтады. Биыл колледжді аяқтап, диплом алуы керек еді.  

Төлешовтер полицияға да, прокурорларға да шағымданған. Әзірге еш мардымды жауап алмадық деп отыр. Мән-жайды білу үшін құқық қорғау органдарына біз де хат жолдаған едік, әзірге бұл іске қатысты ешқайсы жауап бермеді . 

Ал сот-медициналық сараптамасының қорытындысына күмәнмен қарайтын Жұлдыздың анасы мәйітке эксгумация жасауды талап етуде.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр