AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорымды су шайып жатыр

Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорымды су шайып жатыр. Көлкіген судан Ақжазық ауылындағы көптеген қабірдің топырағы опырылып, ақымдары тереңге түсіп кеткен. Ал ауыл тұрғындары зираттарды сақтап қалу үшін ағашпен қалқалап қойыпты. Тіпті өздері ақша жинап, бөгет те тұрғызған. Бірақ оны да сел шайып кетті деген халық енді әкімдіктегілерден көмек күтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылындағы мазарлардың көбі бүлініп, топырағы опырылып ортасына түскен. Тіпті кейбірінің ақымдары да үңірейіп ашық жатыр. Ал бейіт басында адамның жамбас сүйегіне ұқсас сүйектер шашылып жатыр. Ауыл тұрғындары мұны су шайған молалардан жер бетіне қалқып шыққан марқұмдардың сүйегі деп болжайды.

“Бейітке жақын жерде ,30 метр жерде канал бар. Сол каналға жазда су келеді. Су шетінен шайып, шайып каналды құлатып бітті. Тауға жауын қатты жауғанда сел басады да, сел арнаға сыймай осы бейіттің ішін аралап кетіп жатыр”, – Ақжазық ауылының тұрғыны Ердос Бердаев. 

"Әруақтар қор болды" деген ауыл тұрғындары шама-шарқы келгенше мазарларды қоршап, су арнасын басқа жерге бұрған. Бірақ, одан жағдай түзелмепті. Ал ауыл әкімі тұрғындардың бұл айтқанын толықтай растап отыр. Алайда өз бетімізше қорымды сақтау қолымыздан келмейді деп мойындады.

“500 миллион ба, 1 миллиард па, үлкен қаражат керек. Үлкен дамбы жасамаса келешекте бейітті алып кетеді. Мына жерде үлкен ата-балалар жатыр ғой. Енді біз облыстық төтенше жағдайлар жібергенбіз. Облыстық әкімшілік бар соны қарап, ақша бөлсе”, – дейді Көктал ауылдық округінің әкімі Бақыт Нұрелов. 

Бұл зиратта 1986 жылы желтоқсан оқиғасында құрбан болған Ләззат Асанова да жерленген. Әзірге оның бейіті аман. Дегенмен шұғыл түрде ауыл әкімі айтқан үлкен бөгетті жасамаса, Ақжазық ауылында зираттар түгел жойылу қаупі бар. Бұл мәселені Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа да жеткіздік. Өңір басшысы жағдайды назарға алуға уәде етті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр