Желтоқсанда қазақстандықтар 6 күн демалады
Қазақстандықтар желтоқсан айында 6 күн демалатын болды. Себебі, екі бірдей мереке тойланбақ.
1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні, екіншісі – ҚР Тәуелсіздік күні. Тұңғыш президент күні 2011 жылы Парламенттің шешімімен бекітілген болатын. Себебі, 1 желтоқсанда 1991 жылы президент сайлауы өткен.
1 желтоқсан сенбі күніне түскендіктен демалыс дүйсенбіге ауыстырылды. Демек ҚР “Қазақстан Республикасындағы мерекелер заңына” сәйкес қазақстандықтар желтоқсанның 1, 2, 3 күндері демалады. Сенбі күні жұмыс істейтіндер тек желтоқсанның 1, 2 ғана демалады.
Ал Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан демалыс күндері болып есептеледі. Бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар 18 желтоқсанда да демалады.
Талқылау