Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Желкеңнен түсіріп алады": Ерке Есмахан дөрекі қарым-қатынас жасайтын тыңдармандарына ескерту жасады

Белгілі әнші Ерке Есмахан көшеде дөрекілік танытып, бейәдеп қылық көрсететін оқырмандарына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі жасырын камераға түсіріп жүретін тыңдармандарынан шаршағанын жасырмады. 

“Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап-құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рақмет!" – деп сөзін алғыспен бастады әнші.



Одан кейін адамдардың шектен тыс іс-әрекетіне ашуланып қалатынын да айтты. 

“Бірақ кейде артық сөйлеп, үйт-бүйт деп дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде "жоқ" десем, дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан жүйкем ауыратын кездер болады", –деп ағынан жарылды Ерке Есмахан. 

Еске салайық, Ерке Есмахан жаңа туған сәбиіне дұшпандарының тиісіп жатқанын айтқан еді. 

Талқылау