Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіге интимді сурет жариялаған қазақстандықтар қалай жазаланады

Интернетте интимді суреттер жариялау ҚР заңы бойынша кішігірім бұзақылық немесе жеке өмірге қолсұғушылық деп бағаланады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

680

ҚР ішкі істер министрлігі берген жауап бойынша, фотосуретті кімнің жариялағанына байланысты жаза тағайындалады.

Жеке суретті желіде жариялауға қатысты 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамалады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабына сәйкес бір жыл ішінде қайталап ереже бұзса 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бұл ретте әкімшілік қамауға алу жазасы бірқатар азаматтарға қолданылмауы мүмкін. Олардың арасында жүкті келіншектер, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ, 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдар бар.

Егер суретті үшінші тарап жарияласа онда оған 5 жылға дейінгі қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе 2-5 жыл аралығында жұмыспен айналысу мүмкіндігінен айырылады.

Егер қолданушы өзінің қызметтік мансабын немесе арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып суретті түсіріп жарияласа онда ҚР Қылмыстық кодексінің 147 бабы бойынша ереже бұзушылық болып саналады.

Еске сала кетсек, жақында астаналық қыз жалаңаш суреттері желіге жарияланып кеткен соң 22 690 теңге айыппұл төлеген. Сот оның әрекетін қоршаған ортаға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған. Қыздың өзі суретін жас жігіт қателесіп жариялап жіберген деп айтқан. Айта кетейік, бұған дейін жалаңаштанған қыз көлік алдында эротикалық суретке түсіп, елдің сынына іліккен еді. Полицейлер кейін ол қыздың кім екенін анықтады.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

Талқылау