Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Петропавлда екі аяғы және қолының жеті саусағы жоқ мүгедек жылына бір рет арнайы комиссия алдында олардың қайта өсіп шықпағанын дәлелдеу керектігіне наразы. Алайда мамандар бұл заң талабы дейді. Оның үстіне учаскелік дәрігердің кесірінен Алексей Руденко мүгедектігін  уақытылы дәлелдей алмай, осы айда жәрдемақыдан да қағылған екен. Енді өзіне көмектесетін әлеуметтік қызметкерден қарызға ақша алып, күн көріп жүр, деп хабарлайды КТК арнасы.

мугедек-100217

Алексей Руденко осыдан алты жыл бұрын үш досымен көлігі бұзылып, далада қалып қойыпты. Аяқ қолдарын үсітіп алған олардың бәрі сол оқиғадан кейін кембағал болып қалған. Енді жалғыз табыс көзі – сол  мүгедектігі үшін алатын 46 мың теңге жәрдемақысы. Оның өзінен осы айда қағылып отыр. Бұл уческелік дәрігерлің кесірінен болды дейді.

“Ондай дәрігерді жұмыстан қуу керек. Құжаттарымды дер кезінде өткізбей, мені ақшасыз қалдырды. Енді, міне, әлеуметтік қызметкер қарызға тамақ әкеп беріп жүр”, – дейді Алексей Руденко.

Мүгедек жан кезінде шаһардағы ең белді мейрамханалардың бірінде қоймашы болыпты. Енді жәрдемақыға қосымша болсын деп, есік алдындағы алақандай жерге көкөніс егіп, онысын қысқа қамдап алады екен. Әйелінен ажырасқан, жалғыз ұлы қарайласпайды. Бірақ кемтар жан жақындарының емес, шенеуніктердің мазағынан шаршадым дейді. Жылына бер рет келетін оларға Алексей Руденко аяқ-қолының өсіп шықпағанын дәлелдеп тұруы тиіс.

Бірақ шенеуніктер бұл заң талабы дейді. Алексей Руденкоға бірінші топтағы мүгедектік тек былтыр ғана берілген.

“Кемінде бірінші топтағы адам төрт жыл динамикалық қадағалануда болса, сонда ғана ол кісіге өмірлік белгіленеді. Мерзімінсіз, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік топ белгіленетін болады”, – СҚО Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Жанар Нұрбек.

Сондықтан Алексей Руденко шенеуніктердің мұндай әлегіне әлі үш жыл шыдауы тиіс екен.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

Атырауда өзін-өзі өртеп жіберген прокурордың көмекшісіне сот үкімі шықты

Қазақстандық әке бесікте жатқан қызын лақтырып сал қылды

Талқылау