Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

София ханым қызы бір жаста болған кезде күйеуімен ажырасып кеткен. Осыдан кейін ол перзентін жалғыз өзі баққан. Бірде жындаханаға түсіп, ересек қызынан көз жазып қалады. Араға жеті жыл салып, қызы өзі хабарласқан. София ханымда Астанаға алдырып, оның атынан несие алған. Артынша күнде соққының астына алуды әдетке айналдырған.

дб

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Оның мені не себепті ұратынын түсінбеймін. Маған деген қатыгездігі шексіз. Әкесі бір кездері сондай болған еді. Алты жасында қатты ауырып, ауруханаға түсті. Бүйрегі шіріп кеткендіктен, ота жасалды. 11 сыныпқа дейін ауруханамен күні өтті. Бұл уақытта мен саудада жүрдім. Қызымды жалғыз өзім асырап бақтым. Тапқан-тергеніме дәрі мен қажетті майда заттарын алып, күнде ауруханаға барып тұрдым. Жолыма талай ақша кетіп жүрді. Ешкім көмектеспеді”, – дейді дейді София Смағұлқызы.

Бүгінде Астана қаласының тұрғыны 54 жаста. Ал қызы 30-да. Кейінгісінің екі баласы бар. Барлығы бір пәтерде тұрады.

“Қызымның отбасының қандай екені туралы теледидардан айтып, араласқым келмейді. “Мен аналық паразымды жағдайым келгенше өтедім. Жұмысқа шық десең, шағамын. Үйде отырып бала қара десең, қарайын. Тек маған қол көтерме. Өзіңді ұстап үйрен. Бүгінде екі перзенттің анасысың” деп айтып отырамын. Қазір денсаулығы жиі сыр береді. Инфекциялық ауруларға тез шалдығады. Менің бала қараудан аса тәжірибем жоқ. Кейде қызым психологиялық ауруға шалдыққан ба деп ойлаймын”, – дейді әйел.

2013 жылдың қараша айында София ханым жындыханаға жатқызылған. Осы уақытта қызы үйден қашып, жеңіл жүріске салынған-ды. Аралары осы оқиғадан кейін 7 жылға үзілген.

“Бастапқыда бір кәрістен бала көтерді. Онымен айырылысып, тағы бір кәрістен жүкті болды. Бір күні “Немереңді көргің келе ме? Астанаға келсеңші” деп хабарласты. Мен келісімімді беріп, Астанаға жиналдым. Бірақ сол күні жұмыстан келе жатқанымда, үйдің ауласына бір дәрігер келді. Маған “Қазір осы жерге бір адамдар келеді” деді. Күтіп тұрған едік, жындыхананың 4 қызметкері келіп мені алып кетті. Күштеп жындыханаға жатқызды. Екі ай жатып шықтым. Органда жұмыс істейтін, 60 жастағы бір азамат көмектесті. Шыға салысымен қызыма хабарластым. Оған мән-жайды айттым. Небәрі 3 сағатта қасыма Астанадан ұшып келді. Әлгі органның қызметкері “Қызыңыздан қорықпайсыз ба?” деп сұрады. Мен “Жоқ” деп Әсеммен бірге Астанаға кеттім. Үйге келе саласымен қызым нөмірім мен телефонымды сындырып тастады. “Ешкімге тұрмысқа шықпайсың” деп ұрысты. Бірер күннен соң Алматыдағы үйімді сатқызып, маған несие алдыртты. Әйтпесе жындыханаға жатқызатынын айтып қорқытты. Осы күнге дейін мені аяусыз қамшымен сабап келді. Қазір экспертиза жүргізілгенін қалаймын. Қызымды маған жақындамайтындай етіңіздерші”, – дейді ол.

Студияға келіп мұңын шаққан келіншектің беті-аузы көгеріп қалған. Бетінің сау жері жоқ десе де болады. Алайда жанында отырған психолог пен заңгер жоғарыдағы оқиғаның растығына күмән келтірді. “Неге жыламай отырсыз?” деп сұрады. Әйел өз кезегінде өзін ұстай алатын келіншек екенін айтып ақталды.

“Біріншіден, бұл кісі өзінің қызын жұрттың алдында айыптап отыр. Оның соншалықты имансыз, тәрбиесіз екені туралы айтып өттіңіз. Бірақ бұл жағдайда сіздің де кінәңіз бар деп ойлаймын. Себебі, ол қызды дүниеге әкеліп, тәрбие берген сізсіз. Мына жақта бір жақты пікір, яғни ертегі тыңдап отырмыз. Әділ шешім шығару үшін екі жақты да тыңдауымыз керек. Тұрмыстық деңгейде сізді қорлап, қинаған қызыңыздың жазасын беретін тиісті органдар бар. Соларға арыз жазыңыз. Олар ақ-қарасын анықтайды. Расымен, сізді ұрып-соққан болса, сізді заңсыз жындыханаға жатқызған болса, бұл заң жүзінде қудаланады. Біз тәуелсіз, зайырлы мемлекетте отырмыз. Неге осы күнге дейін арыз жазбағансыз? Айтылған сөздерге қатысты филологиялық экспертиза да жүргізіледі. Прокуратура мен полиция құқығыңызды қорғай алады”, – дейді заңгер Айнұр Махметова.

Тікелей эфирдің аяқталуына 10 минут қалған кезде, студияға София ханымның қызы келді. Алайда ол қиындықтарын барша қазақстандықтың алдында шешуден бас тартты. Әзірге бұл істің немен аяқталғаны белгісіз.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әке бесікте жатқан қызын лақтырып сал қылды

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Талқылау