Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер Төреғалиді екінші рет әке атануымен құттықтады

Иә, уақыты келгенде кез келген құпия іс жария болады! Шоу-бизнесте отбасыларын жасырып, арада жылдар өткеннен кейін өмірлік серіктерін таныстыру сәнге айналып барады. Мәселен, жұрт Төреғалидің бойдақ не бойдақ емес екенін нақты білмейді. Десе де, оның Толқын атты жары мен сәбиі бар деп болжайды.

19624332_2053211628239438_2865677255919534080_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның үстіне, желіде Төрештің қалыңдығын ұзатып алып бара жатқан кезінде түсірілген суреттері қаптап жүр. Оған қоса, Төрештің жуырда ғана әкесіне өлең арнаймын деп сөз арасында “ес жиып мен де әке боп қаппын” деп өлеңдеткені тағы бар.

Ал күні кеше Төреғали Мардан есімді досымен түскен суретімен бөлісіп, шаңырағына қуанышты хабар келгенін айтып қалды.

торештін оз паракшасында

Сондай-ақ, Төреғалидің тағы бір парақшасында жары Толқынмен түскен суреті пайда болды. Суреттен жас келіншектің жүкті екенін байқауға болады. Ал автор: “Құттықтай берсеңіздер болады”, – деп жазып қойған.

торештін екінші паракшасынан

Желідегілер болса “Төреғалидің екінші сәбиі дүниеге келіпті” деп шуласып жатыр.

 Жіберіп алмаңыз:

Қытайда Димаштың әнін шырқайтын ойыншықтар шығарылды (видео)

«Каzахи» КВН жоғары лигасының жазғы кубогын жеңіп алды (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек желідегі ең танымал жұлдыздар қатарына қосылды

Журналист: Баян Мақсатқызының кітабынан кейін таңға дейін көз ілмедім

 

Талқылау