Қазақстандық танымал блогер көпшілік жылдап жинай алмайтын ақшаны 45 секундта табады
Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі Әлия Байтоғаева кез келген тақырыпта еркін әңгіме қозғап, әйелдердің жан-дүниесін жақсы түсінетін тұлға ретінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында Instagram әлеуметтік желісі арқылы қалай көтерілгенін және осы арқылы қанша табыс табатынын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Супермамасита деген атпен танымал блогердің парақшасында екі жарым миллион оқырманы бар. Осының арқасында ол жарнама жасап, 1 миллион теңге көлемінде табыс табатынын жасырмады.
"Ыдыс-аяқ, киім-кешекті сторизде жарнамалағаным үшін бір миллион аламын. Үш және одан да көп сториз түсіремін. Бірақ мен жарнама берушіден ақшаны алдым, әрі қарай не болатыны маған қызық емес деген көзқарасты ұстанбаймын. Жарнама берушінің өнімін адамдар сатып алу үшін жан-дүниемді саламын. Мен үшін кері байланыс өте маңызды. Жарнама беруші ертең өз ортасында мен туралы: "Мамаситаға бармаңдар, ол жарнама жасай алмайды", - деп айтқанын қаламаймын", - деді блогер.
Сұхбат барысында Әлия Байтоғаева Instagram-дағы парақшасының кесірінен күйеуімен айырылысып кете жаздағанын және блогер болмай тұрып немен айналысқанын айтып берді.
Сториз — әлеуметтік желілерге қысқа видеоларды, суреттерді жүктеуге мүмкіндік беретін функция. Әдетте сториз 24 сағаттан кейін өшеді. Instagram-да бір сториз 15 секундты құрайды.