Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарады: Облыс әкімдігі түсініктеме берді

Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат таралды. Облысы әкімдігінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Мырзалиев гипертониялық кризиспен ауруханаға түскен.

Жақында Yedilov ONLINE Telegram-каналында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Каналдың ақпараты бойынша, әкім пара алды деп күдіктелуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі әзірге мұндай ақпарат жоқ деп мәлімдеді. Облыс әкімдігінде Мырзалиев ауруханада жатқанын айтты.

"Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде ауруханада жатыр. Ол гипертониялық кризис диагнозы қойылған аймақтағы ауруханалардың біріне орналастырылған. Артық түсіндірме бермеулеріңіз сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, - делінген әкімдік хабарламасында.

ҚР сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, әкім орынбасарынан куәгер ретінде жауап алынған. 

"Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржанның ұсталуы туралы айтарымыз: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ісі бойынша Мырзалиевтен қорғаушы жалдауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды", - деді агенттік өкілдері. 

Бұған қоса, Мырзалиев күдікті ретінде қарастырылмағаны айтылды.

Назерке Мұса
Сейсенбі, 18 Мамыр, 2021 15:01
Талқылау