Желіде тек «Б» әрпінен басталатын сөздермен жазылған тілек-хат тарап кетті
Әлеуметтік желіде тек «б» әрпінен тұратын сөздер жазылған тілек тарап кетті.
Бабаларымыз бажайлаған бағыттан басқа бағдарға бұрылмаңдаршы!
Бармысыздар, бұндағы бағасы биік, бағамы берік бауырластар!
Бағзыда, баяғыда бақилық болған батыр бабаларымыз бажайлаған бағыттан басқа бағдарға бұрылмаңдаршы!
Бәріміз де бабаларымыздың бір-бір балаларымыз. Байламсыз, бағыты беймәлім бағытқа (байқаусызда, байқамай болса да) бармасаңыздар, бабаларымыздың бізге берген батасына біз бөленбесек те, бәлкім бантикті, бәйшешектей бойжеткендеріміз бен балауса балғын бозбалаларымыз.., бәлкім бесіктегі бүлдіршіндеріміз бөленер?!
Бір-біріңді бөтендікке бастамаңдар, бауырмашыл болыңдар.
Бір-біріңмен бекерден-бекер бажылдаспай, бадырақкөздей бажыраймай, болар-болмасқа бадыраңдамай, бей-берекет байбаламдамай, бұғалықтағы бұқадай бақкүндес, бақталас болмай, бет-бетімен былапыттамай, балағаттамай, бар бақытты бағалап, бұл базархананың беделін биіктетіп, бет-бейнесін безеулемей, барынша безендіріңдер.
Бейнамаз болмаңыздаршы!
Байыпты, байсалды болып, байрағымызды биіктетіп, береке-бірлігімізді бекемдете беріңіздер!
Бәсеңсімей, босамай, бұқпай, бұлтақтамай, бұқара боп, бірауыздан берік бел байласып, бүкіләлемдік байрақты бәсеке-бәйгеде басқалардан бұрын болайық!
Бәріңіз де білдей бай-бақуатты болыңдар, бірақ байлыққұмар болмаңыздар!
Биыл бәріңіз баспаналы болыңыздар!
Бойдақтарға бас бітсін: белдерін босатуға батылсыз білектілеріміз бәйбішелі болсын, басы бос бұрымды бойжеткендер байлы болсын!
Бай-бәйбішелеріміздің бесіктеріне бөпелер бөлене берсін!
Баршаңыз баладай бақытты болыңыздар!
Жіберіп алмаңыз:
Шымкент тұрғындары өз-өзін өлтіргелі жатқан ер адамды құтқарып қалды (видео)
Мың теңгелік қағаз ақшаларды наурыз айына дейін жұмсап үлгеріңіз

"Саған дейін қанша иесі болған?": Әйелдерге қатысты анайы жарнамалары үшін сынға қалғандар кімдер
