Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көне мешіттің қосалқы бөлігі бұзылды: Жаңа ғимараттың жобасы қала тұрғындарының ашуына тиді

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі көне Қошқар ата мешітінің ғимараты бұзылып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото әлеуметтік желіден алынған

XІХ ғасырдың ортасында салынған тарихи ғимараттың бұзылуына қала тұрғындары наразылық білдірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкенттегі өкілдігі осындай келіспеушіліктерге байланысты мәлімдеме жасады.

"Шымкент қаласы, Амангелді Иманов көшесі 29 мекенжайында орналасқан Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің 19 ғасырдағы ғимаратының маңында 1980 жылдары салынған қосалқы (көрші) ғимараттың апатты жағдайына байланысты "Tech-Inspection" ЖШС мекемесі берген сараптама қорытындысы бойынша мешіттің қосалқы ғимараты бұзылып, орнына жаңасы салынады. Жақында оқу ғимараты салынады", – делінген хабарламада.

Фото: kazpravda.kz

Діни басқарманың мәліметінше, ХІХ ғасырда салынған мешіт ғимараты сақталып, бүгінгі күнге дейін жамағатқа қызмет етіп келе жатыр.

Саида Турсуметова есімді желі қолданушысы мешіт жанына салынатын жаңа ғимараттың жобасын сынға алды. 

Фото әлеуметтік желіден алынған

“Маған мынадай жоба (сызба) келді, салынуы жоспарлаған ғимараттың бір нұсқасы екені айтылған… Бұл сызба бойынша жасалмайды және бұзылған ғимараттың орнына стильдік тұрғыдан ұқсас ғимарат салынады деп үміттенемін”, – дейді жазба авторы.

Талқылау