Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Руслан Жанпейісовтің қамалмай тұрып түсірген соңғы видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде Руслан Жанпейісовтің сотқа барар жолда түсірген видеосы тарады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы сотта ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Бастапқыда видео шымкенттік "полицейлер аңшысының" Facebook-тегі парақшасында пайда болды. Содан кейін әлеуметтік желілерде тарады.

Видеода белсенді үкім күшіне енгенге дейін 10 тәулікке изоляторда болу үшін өз көлігімен сотқа бара жатқанын айтқан. Осыдан кейін сотталушы, мүмкін, қоныс колониясына ауыстырылады.

Жанпейісов сот шешіміне қарсы болмайтынын мәлімдеді. Сонымен бірге, ол Қазақстанда адамның "біреу ұрғанға дейін өзін қорғауына мүмкіндігі жоқ" екенін атап өтті.

"Қайтадан кездескенше. Абай болыңыздар. Өздеріңізді қорғамаңыздар, керегі жоқ. Ешкімді ынжық деп атамаңыздар, бұл - қорлау, ол сотта дәлелденді", - деді Жанпейісов.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Шымкент қалалық соты Руслан Жанпейісовті бір жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтуіне шешім қабылдады.

Блогер жәбірленушіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені, сондай-ақ билік өкілін қорлағаны және бейнежазба таратқаны үшін кінәлі деп танылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр