Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты зейнеткерлерге төлем төленетіні туралы ақпарат тарады

 Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған ақпарат жалған екенін хабарлады. 

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан, үкімет қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сондықтан бұл ақпарат жалған", – делінген хабарламада.

Алайда ведомство "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң аясында әкімдіктер жергілікті бюджеттен тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсететінін атап өтті.

Тұрғын үй көмегін алуға құжаттарды egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады.

Талқылау